Дүниежүзілік бүйрек күні 2024


Дүниежүзілік бүйрек күні 2024

Дүниежүзілік бүйрек күніне арналған конференция 2024 жылдың 15 наурызында өтеді. Назарбаев Университетінің Медицина мектебі (НУ Медицина мектебі) мен University Medical Center (UMC) бүйрек денсаулығы туралы хабардарлықты арттыру және бүйрек ауруларының таралуымен күресу жөніндегі жаһандық күш-жігердің бір бөлігі ретінде конференцияны бірлесіп өткізуде.


Бүкіл әлемде халық арасында бүйрек ауруларының өсу тенденциясы бар. Бұл қант диабеті, артериялық гипертензия, семіздік, жүрек-қан тамырлары ауруларының өсуіне байланысты. Дүниежүзілік бүйрек күні 2006 жылдан бері жыл сайын наурыз айының екінші бейсенбісінде атап өтіледі. Негізінде, бұл бүйректің адамдар үшін маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған жаһандық ақпараттандыру науқаны.


Күні: 15.03.2024 ж.

Уақыты: 13:30 – 18:00

Конференцияның орны: Назарбаев Университетінің Медицина мектебі, №109 зал, Астана қ., Керей және Жәнібек хандар көшесі, 5/1

Сессиялардың тақырыптары
Жетекші медициналық мекемелердің, медициналық оқу орындарының, ҮЕҰ секторының, қауымдастықтардың, фармацевтикалық компаниялардың жетекшілері, технология секторының сарапшылары және басқа сала сарапшылары нефрологияның өзекті және негізгі мәселелері мен инновациялық тәсілдерін талқылайды, соның ішінде:
  • Қазақстандағы нефрологиялық қызмет және донорлық мәселелері.
  • Қант диабетінің бүйрек денсаулығына әсері.
  • Балалардағы туа біткен нефротикалық синдром және жүрек-қан тамырлары асқынуларының қауіп факторлары.
  • Ауыр науқастар мен жаңа туған нәрестелердегі бүйректің жедел зақымдануы.
  • Дәрілік заттарды қауіпсіз қолдану.
Біздің демеушілер

Қатысушы туралы ақпарат

Төмендегі тіркеу формасын толтырыңыз, содан кейін тіркеуді аяқтау үшін «Тіркелу» түймесін басыңыз.